G
enby!

Қазақтың қара өлеңін тыңдап, айтыс көретін урианқай Нямдордж // "Қазақ қыздары дәстүр жалғастырған"

Тарихта Өр Алтайдан Алтайдың Қобда бетіне көшкен қазақтар алғашында урианқайлар жеріне келіп қоныстанған екен. Ол кезде мал жайылым үшін жазира далада өмір сүріп жатқан көшпенді халық, рулас арасында көптеген қақтығыс болғаны белгілі. Урианқайлар жайылым жері тарылғанда сол кездегі Чин үкіметіне қазақтарды өзге жаққа көшіру туралы көп шағым түсірді. Бірақ кейіннен қазақпен урианқай жайылым жерде бірге отырып, ұлт-азаттық көтерілістерде бір бас көтеріп, Алтайдың жазиралы даласын бірге қорғап, қазір қойы қоралас, малы өрісте жайылған туысқан халыққа айналып шықты. Оның куәсі Алтай сұмынында тұратын урианқай ағамыз Нямдоржының таза қазақша, әдеби көркем тілде сөйлейтіні. Ең ғажабы "қазір аздап ұмытып қалыппын" десе де, қазақтың ең ескі ежелгі әндерін білетіндігі. Біз ағамызды шөпке кетіп бара жатқан жерінен ұстап алдық, отыра қалып сұхбат берді. Алтай сұмынында тұратын бүркітші қыз Айбота Көшеген ағасына арнау айтты. Одан бөлек Нямдоржды ағаның Қазақстанға кқшіп кеткен достарын сағынып, көңілі бұзылғанын байқадық. Әсіресе, Шотайдың ұлы Сейт деген досын ерекше сағынып, сәлем айтты. Урианқай ағамыздан бірнеше қазақ әндер. Видеоны соңына дейін көріп, осындай тарихы дүниелерді зерттеу үшін бюізге қолдау көрсеткеніңізге рахмет айтамын!

Смотрите также