Сібір қазақтары || Орыс тілін Қазақстанға барып үйрендім II Енеммен тұрамын, 200 кг бүйрек пісірдім
Сібір қазақтары ежелден Ертіс бойын жайлаған қазақтар. Қазір ОМбы қаласында тек қазақтар тұратын аудандар көп. Кезінде Омбы Ертістің сол оң жағалауында бой көтере бастаған сәтте, қазақтар сол жағалауын жайлап отырған екен. Қазір бұл жайылымдардың қаланың негізгі орталық ауданына айналған. Қоғам қайраткері Асқар Райсов ағамыз кезінде Ленин көшесінде Лениннің ескерткішінен басқа ескерткіштер қойылмайтын еді дейді. Қазір Омбының Ленин көшесінде Шоқан Уәлиханов ескеркіші, Қазақстанның консульдығы, Омбы қазақтары қоғамдық қорының ғимараты және атақты суретші Амангелді Шәкеновтың ескерткіші бар. Бұл тарихи ескерткіштер және қазақ балалары оқыған Омбыдағы оқу орындары туралы арнайы фильм бөлек дайындалады. Бұл жолғы фильм Омбы қазақтары қоғамдық қорының жұмысы мен Омбыдағы белсенді қазақтарға арналды. Олардың ішінде кәсіпкерлер де, қарапайым қала тұрғындары да. Толығырақ видеодан көріп, ұнаса лайк басып отырыңыздар.
Смотрите также
