Теміржол жүк тасымалы | Арнайы репортаж
Егемендік жылдарында Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі басты транзиттік хабтардың біріне айналды. Қазір ел аумағы арқылы әлемнің ең ірі сауда нарықтарына шығатын бес халықаралық теміржол дәлізі өтеді. Айта кетейік, осыдан 35 жыл бұрын «Достық – Алашанькоу» бағыты іске қосылған еді. Ал тәуелсіздік жылдары елімізде «Ақсу – Дегелең», «Өзен – Түрікменстанның» мемлекеттік шекарасы, «Жетіген – Қорғас», «Жезқазған – Бейнеу», «Арқалық – Шұбаркөл» теміржол желілері салынды. 2014 жылы «Боржақты – Ерсай» бағыты пайдалануға беріліп, Құрық порты елдің негізгі теміржол жүйесімен байланыстырылды. #Қазақстантеміржолы #Арнайырепортаж #теміржолссаласы #жүктасымалы #жаңалықтар #Хабар #Хабаржаңалықтар #жаңалықтар2025 #қауіп