«Ядролық клубтағы» 9 мемлекет. Қай елде қандай ядролық қару бар? | АЭС қауіпсіз бе? | Жаһан жайы
Кеңес үкіметі тұсында Семей полигоны ядролық сынақ алаңына айналды. Жер бетінде уран қоры табылғаннан бері, нақтырақ айтқанда, соңғы 80 жылда 2056 рет түрлі санаттағы ядролық сынақтар жүргізілген. Хиросима, Нагасаки және Семей – ядролық қару зардабын ұмыттырмас, бейбітшілік символына айналған қалалар. Содан бері адамзаттың ядро қуаты туралы түсінігі түбегейлі өзгерді. Оны жойқын қару ретінде ғана емес, бейбіт мақсатта қолдануды меңгере бастады. Ядролық өндіріс ғылыми-техникалық өркениет дамуының драйверіне айналды. Атом энергетикасының шарапаты тимеген сала кемде кем. Энергетика саласығы жетістік - Атом электр стансалары. Атом энергиясы, жасыл энергетиканы қоса алғанда, барлық қуат көзі ішіндегі табиғатқа ең зияны азы саналады. Алайда адам баласы әлі күнге дейін ядролық өндірісті қару ретінде қолданудан бас тарта алмай отыр. Бүгінгі бағдарламада ядролық қауіпсіздік пен атом энергетикасының заманауи мүмкіндіктерін жан-жақты талдаймыз. 00:01 Соңғы 80 жылда әлемде 2056 рет түрлі санаттағы ядролық сынақ жүргізілген 02:25 АНОНС 03:24 Неге «Ядролық клубқа» 9 мемлекет қана кіреді? 04:45 Қай елде қандай ядролық қару бар? 07:08 Ядролық ұстамдылық дәуірі 07:35 «Қазіргі халықаралық ядролық қауіпсіздіктің жағдайы шынымен де мәз емес» - Дәурен Әбен 09:37 Ядролық қаруды таратпау туралы келісімдер орындалып жатыр ма? 10:28 Өскемендегі уран банкі не үшін қажет? 11:31 Әлемде атомды бейбіт мақсатта қолдану көрсеткіші қандай? 12:37 Әлемде 400-ден астам ядролық реактор бар 13:38 Реакторлардың жаңа буыны қауіпсіздікті толық қамтамасыз ете ме? 15:50 АЭС реакторларының 70% су қысымымен жұмыс істейді 17:07 Қазақстанда неге осы күнге дейін АЭС салынбай келді? 18:13 Алғашқы АЭС салу процесі қазір қай деңгейде? 19:25 «Қазақстанның атом саласы өте жақсы дамыған» - Әсет Махамбетов 20:30 Су-сулы реакторы қалай жұмыс істейді? 22:07 Балқаштың суы азайып кетуі мүмкін бе? 24:00 Қазақстан неге су-сулы реакторды таңдады? 26:30 Атом электр станциясының баламалы қуат көздерінен айырмашылығы 27:50 «Әрбір мемлекет энергетика көзін әртараптандыруға тырысу керек» - Әсет Махамбетов 29:25 «Радиоактивті апаттар аэс қауіпсіздігін күшейтуге себеп болады» - Жанат Байғазинов Біздің жобаларға жазылыңыз: @JibekJolypodcast @JibekJolyMusic @JibekjolyNews @Kazinform Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар! #jibekjolytv #жаһанжайы #АЭС #ядролыққару
Смотрите также
