G
enby!

Сирек жер металдары жаңа мұнай ма? | Жаһандық бәсекелестік, Қытайға тәуелділіктен арылу | Жаһан жайы

Литий, кобальт, никель, ниобий, эрбий, самарий, диспрозий... Құлаққа түрпідей тиетін бұрын тек химиктер мен металлургтерге таныс бұл атаулар, бүгінде жаһандық саясат пен технологиялық бәсекенің басты нысанына айналды. Энергия көздері жаңарып, технология дами түскен тұста әлем жаңа ресурс үшін күресті күшейе түсті. Ол ресурс - стратегиялық минералдар немесе критикалық маңызды минералдар деп аталады. Бүгінгі тақырыбымыз - 21-ші ғасырдың мұнайы деген атақ алған сирек жер металдары айналасындағы жаһандық бәсекелестікке арналмақ. Студия қонақтары: Аружан Мейірханова - Саясаттанушы Дастан Мақат - PhD, геолог 00:00 Кіріспе: Стратегиялық минералдар – жаһандық бәсекенің басты нысаны 00:52 Анонс 01:49 Сирек жер металдары қандай қасиеттерге ие? 03:10 Оксид тербийдің бір келісі 1 млн 52 мың доллар 06:03 2024 жылы әлемде 350 мың тонна сирек жер металдары өндірілген 06:58 Дамыған елдердің сирек жер металдарына қатысты саясаты - Қытайға тәуелділіктен арылу 09:18 Стратегиялық минералдар – жаңа мұнай ма? 10:50 Дүниежүзілік банк болжамы: Қазақстанда сирек жер металдар қоры 46 трлн доллар 12:00 Еуроодақ орталық азияның сирек жер металдарын игеруге 2,5 млрд доллар бөлмек 15:44 Стратегиялық минералдар туралы деректерді құпиясыздандыру – инвесторлар талаптарының бірі 18:17 Сирек жер металдары қоры бойынша Қазақстан әлемде 3-ші орынға шығуы ықтимал 19:20 Қазақстанда 5 мыңнан астам кен орны әлі толық зерттелмеген 24:21 Бір кен орнын ашу үшін жүздеген ұңғыманы қазуға тура келеді 26:59 Сирек жер металдары өндірісінің экологияға келтірер залалы 29:48 Қоштасу Біздің жобаларға жазылыңыз: @JibekJolypodcast @JibekJolyMusic @JibekjolyNews @Kazinform Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар! #jibekjolytv # #

Смотрите также