G
enby!

Өрімдей жас қыз «Казгудың» ректоратынан секіріп көз жұмды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі ректораттың 14-ші қабатынан құлап ажал құшқан қыздың өлер алдындағы хаты табылды. Онда бойжеткен жасаған әрекетіне отбасылық жағдайлар себеп болғанын жазған. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті мәлім етті. Ал кешелі бері ауыз ашпай, үнсіз отырған оқу орнының басшылығы нені жасырады? Студент қыз неге дәл ректораттан секірген? Әріптесім Оразай Нұртайұлы жалғастырсын. ОРАЗАЙ НҰРТАЙҰЛЫ, тілші: Өрімдей жас қыздың өмірін қиған жантүршігерлік оқиға 30 шілде шамамен сағат түскі 3-терден кейін болған. Ректораттың 14-қабатынан секірген бойжеткен осылай төменде тұрған шатырдың бірінің үстіне түскен. Екінші курсқа енді өткен студент дәл сол жерде мерт болыпты. Анықталғандай, марқұм Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетінде ақылы бөлімде оқыпты. Бейресми дереккөздерге сүйенсек, қыздың өзіне қол салуына оқу мәселесі түрткі болуы мүмкін. Бірақ оқиғадан бері тәулік өтсе де ләм-мим демеген университет өкілдері бүгін де тыныш. Басшылығы мән-жайды айтудан басын алып қашты. ЕРКІН ДҮЙСЕНОВ, ҚАЗҰУ Басқарма төрағасының орынбасары: Бостандық ауданының полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалған. Істің мән-жайы анықталып жатыр. Сондықтан мен болған жайтқа пікір айта алмаймын. Полициядан сұраңыздар. Ал полицейлердің алдын-ала мәліметі бойынша суицидке отбасылық жағдайлар себеп. Құзырлы орган өлімге оқуға қатысты қиындықтар негіз болуы мүмкін деген нұсқаны растамады, бірақ жоққа да шығарған жоқ. САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі: Бойжеткен хатын қалдырған. Сол хатының мәліметіне сүйенетін болсақ бұл оқиғаға отбасылық жағдайлар себеп, түрткі болды. Нақты мән-жайлар мен себеп-салдар анықталуда. Бүгінде полиция өзін-өзі өлтіруге жеткізу қылмысы бойынша тергеу жүргізуде. Әзірге қыздың хатында не жазылғаны жария етілмеді. Ал университет өкілдерінің сөзіне сенсек, ректораттан құлаған студенттің оқумен байланысты шешілмеген түйткілі болмапты. 23 шілдеде келесі екінші курсқа өткені туралы бұйрық та шыққан екен. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также