G
enby!

Дәмхана мен мейрамханалардағы мәзірдің құны 13 пайызға көтерілді

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Елімізде қоғамдық тамақтану қызметі шарықтап кетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы бір жылда дәмхана мен мейрамханалардағы мәзірдің құны 13 пайызға өскен. Әсіресе, асханалардағы қызмет құны 16,9 пайызға өскен. Ал мейрамханалардағы баға 12,7 пайызға, фастфуд қызметі 13 пайызға қымбаттапты. Яғни, ай сайын шамамен баға 1,6 пайызға көтерілген. Кәсіпкерлер қымбатшылыққа азық-түлік тауарларының тоқтаусыз өсуі себеп деп отыр. Мейрамханалар мен дәмханалардағы қызмет құны қымбаттағаны әсіресе, еліміздің ірі қалаларында қатты байқалады. Астана мен Алматы қалаларынан бөлек туристер көптеп тартыла бастаған Маңғыстау облысында да баға айтарлықтай өскен. Осы салады жылдар бойы ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер шын мәнінде бір жылда қоғамдық тамақтану қызметі 20 пайыздан 30 пайызға дейін шарықтағанын жасырмайды. Олардың айтуынша, бағаның өсуіне бірнеше фактор әсер еткен. САЙРАН ХАМЗИН, СҚО рестораторлар мен отельерлер қауымдастығының төрағасы: Азық-түлік бағасы, коммуналдық қызмет құны ай сайын өсіп жатыр. Мәселен қаңтардан бастап сиыр еті 3400 теңгеден 4100 теңгеге өсті. 7 айда 20 пайызға қымбаттағанын байқауға болады. Картоптың бағасы жыл басында 230 теңге болса, шілдеде 330 теңгеден сатылады. Отыз пайызға өсіпті. Қызметкерлердің еңбекақысы тағы бар. Кәсіпкерлердің пікірінше, жұмысшыларды ұстап тұру үшін лайықты жалақы төлеу керек. Сол себепті жыл сайын еңбекақыны да өсіріп тұруымыз қажет дейді. Бірақ көпшілік дәмханалардағы қызмет құны өсіп жатқанмен, сапасы жақсара қойған жоқ деген пікірде. Қазір тұрғындар түскі асты үйден әкеліп, үнемдеуге көшкендерін жеткізеді. Себебі, даладан тамақтану қалтаға кәдімгідей салмақ деп отыр. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также