Бала құсқанда не істеу керек?
Құсық – ол асқазанды шұғыл түрде ішіндегіден ауыз қуысы немесе (сирегірек) мұрын арқылы босату. Кез келген жаста болады, алайда жиі – ас қорту жүйесі толық құрылып болмаған бір жастағы балаларда кездеседі. Баланың құсығы, әдеттегідей, ауырудың симптомы болып табылады. Жаңа туған нәрестелердің табиғи лоқсуынан басқа. Пайда болу механизмы: Құрсақ көкеті төмендейді. Дыбыс саңылауын жаба, дауыс желбезегі (бүкпесі) қабысады. Ол тыныс алу жолының қорғанысы болады. Қарынның ішқақпа қысқышы шұғыл қысқарады (оның ең ақырғы бөлімінде орналасқан тұйықтаушы сақиналы бұлшық еттер), сонымен қатар өңештің төменгі қысқышын әлсіретеді. Іштің бұлшық ет талшықтары мен көкеттері ширығады, соның салдарынан асқазандағылар ауыз қуысы немесе мұрын жолдары арқылы сыртқа шығады. Үрдістің реттелуі сопақша мимен ауыздықтырылған құсық оратлығымен жүзеге асырылады. Сонымен, құсық, адам есті түрде әсер ете алмайтын жауап-әрекет болып табылады. What’sApp: http://wa.me/77070690177
Instagram: https://instagram.com/doctor.kaldarbe...
TikTok: / doctor.kaldarbek.abylay Telegram: https://t.me/abylaykaldarbek
YouTube: / @doctor.kaldarbek #құсу #балақұсқанданеістеукерек #балақұсса