Жас қыздың көзінше жыныс мүшесін уқалаған таксист 15 күнге қамалды
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Астанада такси жүргізушісінің ұятсыз әрекеті жұртшылықтың жағасын ұстатты. InDriver қосымшасы арқылы қызмет көрсеткен азамат жас қыздың көзінше жыныс мүшесін уқалап, ойына келгенін істеген. Өз өмірі үшін қатты қорыққан қыз тұрғынның бассыздығын таспаға түсіріп алыпты. Осы жағдайдан кейін қазақстандықтар InDriver такси қызметіне бойкот жариялады. Астаналық 19 жастағы бойжеткен таксидегі келеңсіз жағдайдан психологиялық соққы алғанын айтады. Оқиға тал түсте болған. Анасымен ойын-сауық орталығына бару үшін индрайвер қосымшасы арқылы такси шақырған. Ал көлікке мінгеннен кейін жүргізуші жыныс мүшесін шығарып мастурбация жасай бастапты. ЖӘБІРЛЕНУШІ ҚЫЗ: -Бір бес-он минуттан кейін жүргеннен кейін жүре бастап өз ісін істей бастады. Маған қарай көп қарады. Зеркалаға қарап, очкиден қарап тұрғаны көрініп тұрды. Бірақ менің мамам дым көрген жоқ. Сөйтіп өз ісін істеп сөйтіп жүре бердік. Сосын бір кезде светофордан тоқтағанбыз, светофорда тоқтап бір ағай айтты "и брат сенің есігің ашық" деген сияқты. Ашық тұр жаба сал деген сияқты.Сол жерде тұрып есікті жабады да менің аяғыма тиіп кетеді қолы. Сол істеген барысынан кейін. Қорланған жас қыз полицияға арыз түсірген. Сотта кінәсін мойындаға күдікті баласы мен әйелі барын айтып жеңіл жаза сұрапты. Айыпталушы 15 тәулікке қамалды. Ал жәбірленушінің адвокаты ұятсыз әрекетке барған азаматтың фельдшер болып жұмыс істегенін айтады. Мұндай адамның медицина саласында жүруіне тыйым салу керек дейді. САИДА СҮЛЕЙМЕНОВА, жәбірленушінің адвокаты: Ол кісі белгісіз қашаннан бері таксист болып жұмыс істеп жатқаны. Фельдшер болып қашаннан бері жұмыс жасап жатқаны біздерге белгісіз+Полиция дұрыс зерттеген жоқ. Мына жерде қылмыстық нәрсе, бір емес бірнеше баптар бар Қылмыстық кодексіне жататын. Себебі есік жапқанда тиді қолымен кәдімгідей. Прикосновение, касание деп айтамыз. Ал Индрайвер өкілдері осы жағдайдан кейін бойжеткеннен кешірім сұрапты. Және ұятсыз жүргізушіні платформаны қолдану мүмкіндігінен айырған. Ал халық қалаулылары такси қызметіне қатысты талапты күшейту керек деп отыр. Яғни, шет елдердегідей көлік салонына жүргізуші мен жолаушы арасын бөліп тұратын қоршау орнату қажет дейді. АМАНТАЙ ҮМБЕТАЙ, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты: Такси жүргізушілері өзін оқшаулап, қоршап қояды. Артын темір тормен. Арттағы келе жатқан жолаушы бұған, бұл оған зиян тигізбеу керек.+ Және де видеобақылауда тұрады, әрдайым онлайн. Сондықтан мен ойлаймын осы бізде тек бір не қалып тұрғаны такси жүргізушілерінің бүкіл мекемелерін жинастырып, осындай бір шараға қайтадан бір заң шығарсақ, міндетті түрде осындай такси жүргізушілерінде осында іште, тор қоршау болуы керек және өзінде видео бақылау тұру керек. Сондай-ақ депутат әрбір жүргізуші кәсіби және моральдық жағынан толық тексерістен өтуі тиіс деп отыр. Ал жәбірленуші тарап Indriver такси қызметінің үстінен де арыз түсіріпті. Ал осы шулы оқиғадан кейін InDriver такси қызметі қосымшада қауіпсіздік функцияларын күшейтетінін мәлімдеді. Егер сапар барысында жолаушы қандай да бір жағдайдан қауіптенсе, қосымшадағы «Қалқан» түймесін басу керек. Осы кезде қауіпсіздік функциясы бар мәзір ашылады. Сол жерде қолдау чатына жазған жөн. Қосымшаның мәзіріндегі «Қауіпсіздік» бөліміне кіріп, шағым қалдыруға болады. Сапар соңында қызмет ұнамаса төмен баға қойып, пікір жазу жағы да қарастырылған. Бұның барлығы бақыланады. Және сапарды жақын адамдарыңызбен бөлісу, шұғыл жағдайда байланысатын адамның нөмірін қосу мүмкіндігі бар. Егер қауіп төнсе 112 нөміріне қоңырау шалу керек. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық