Жаңа оқу жылы: ел аумағында 83 мектеп ашылады | Іс жүзінде
Жаңа оқу жылы таяп қалды. Биыл ел аумағында 83 білім ошағы есігін айқара ашады. Мектептер 115 мың адамға шақталған. Десе де кей білім ұялары әлі де оқушыларды қабылдауға дайын емес. Премьер-министр жұмысты жеделдетуді тапсырды. Ал тұрмысы төмен отбасыларды қолдау үшін қазынадан 23 млрд теңге бөлінді. Енді 500 мыңнан астам балаға материалдық-әлеуметтік көмек көрсетілуі тиіс. Бұған өңір әкімдері жауапты. Білімгерлерді жатақханамен қамту да – басты міндет. Биыл 10 439 орындық 29 студенттер үйін іске қосу жоспарланған. Егер білімгерлер үй-жайсыз қалса немесе қандай да бір көмекке мұқтаж болса, ахуал орталықтарына жүгіне алады. Қазір барлық жоғары оқу орындарында осындай кеңселер жұмыс істейді. Осы аптада Үкіметте жаңа оқу жылына дайындық барысы егжей-тегжейлі пысықталды. Жауаптыларға қандай міндет жүктелді? Жаңашылдықтар қандай? #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24 #ісжүзінде #жаңаоқужылы #жаңамектептер #1қыркүйек #жатақханамәселесі