Үкіметте теміржол саласын жаңғырту мәселесі қаралды | Іс жүзінде
Қазір пойыз билеттерінің тапшы екені жасырын емес. Бұл жылда жаз мезгілінде қайталанатын үрдіс. Айта-айта жауыр болған мәселеден жауаптылар құлағдар. Үкімет те қамсыз отырған жоқ. 2028 жылға дейін жолаушылар вагондарының паркі 3 мың бірліктен асуы тиіс. Нәтижесінде билет тапшылығы мен тозығы жеткен вагондар мәселесі шешімін табады. Көптің көкейінде жүрген бұл мәселе осы аптада Үкіметте қаралды. Олжас Бектенов барлық жолаушылар вагондары мен локомотив паркін жүйелі түрде жаңартып отыруды тапсырды. Шекара маңы аудандарында талапқа сай келмейтін жерлерді ретке келтіру міндетін де жүктеді. Саланы жаңғыртудан бастап транзиттік әлеуетті арттыру, цифрландыру жайы егжей-тегжейлі қаралды. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24 #ісжүзінде #үкімет #олжасбектенов #теміржолсаласы #жаңавагондар #билеттапшылығы #пойызбилеты #локомотив