Астаналық төтеншеліктер 14 қабаттан секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды
Астаналық ару бір өлімнен аман қалды. Елорданың қақ ортасындағы тұрғын үйдің 14-қабатынын секірмек болған бойжеткенді құтқару сәті көптің зәре-құтын қашырды. Жиналған жұрттың сасқаны сонша бәрі у-шуға басып, бұрымдыны көндіруге тырысқан. Ал оқиға орнына дереу жеткен төтеншеліктер көрші пәтер арқылы жоғарыға көтеріліп, қызбен 20 минут бойы келіссөздер жүргізеді. Сол сәтте құтқарушылардың бірі терезе арқылы бойжеткенді ішке тартып кіргізеді. Батыл әрекетке барған азаматтың есімі - Саят Пішембаев. Осылайша ол 26 жастағы бұрымдыны қайғылы жағдайдан аман алып қалған. Қазір қаракөз қарындасымыз ауруханада психологиялық көмек алып жатыр екен. Әзірге қыздың неге мұндай қадамға барғаны белгісіз. Қазір аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. САЯТ ПІШЕМБАЕВ, Астана қаласы тжд жедел құтқару жасағының құтқарушысы : 14-қабатта қыз баланың қауіпті жерде тұрғанын көріп, шүғыл түрде көрші пәтердің терезесі арқылы кіріп альпенисттік құрал-жабдықтарды қолдана отырып, қыз баланың құлап кетпеуіне мүмкіндік бермей, құтқарып қалдық. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал