G
enby!

ОЛАР АЛТЫН САРАЙДЫҢ ІШІНЕН ЕҢ КЕРЕМЕТ ТІРІ СУДЫ ТАБАДЫ | Эспен в поисках Золотого Замка 2019 фильм

Достар,бүгін біз 2019 жылы шыққан "Эспен в поисках Золотого Замка" деген күшті фантастикалық киноны айтатын боламыз.Барлығымыз бейнені аяғына дейін көрейік.Каналымызға тіркелуді ұмытпаңыздаршы.Ал ендеше кеттік... Аңыз бойынша емдейтін тірі су бар екен.Оның қасиеті,адамдарды аурудан емдейді.Сонымен қатар ол су адамды жасартады.Осыған дейін қаншама адамдар сол суға барғысы келіпті.Бірақ сол жаққа жеткенімен қайтып келмепті.Аңыз бойынша ол жақта неше түрлі құбыжықтар бар дейді.Осыдан кейін бізге Эспен мен оның бауырларын көрсетеді.Олар жұмыста жүреді.Бірақ Эспен жұмыста қателік жасап.соның кесірінен үшеуі де жұмыстан шығып кетеді.Олар үйлеріне барып әкелеріне бәрін түсіндіреді.Бір кезде олардың үйінің қасына бір атарба келіп тоқтайды.Ішінен елші адам шығып хат оқиды.Сөйтсе,Кристин ханшайым өзінің туған күніне бұларды да шақырған екен.Үшеуі керемет қуанып кетеді.Сосын үйдегі бар киімдерін киіп, Кристиннің сарайына аттанады.Ол жерде керемет туылған күн тойлануда.Музыканттар ән салып жүр.Бүкілі өңки байлар екен.Тіпті қонақтардың біреуі бұл үшеуін қызметші деп ойлайды.Эспен болса Кристинге кетеді.Ал ортаңғы Пол деген жігіт тамақ қарай бастайды.Оның қасына бір қызметші қыз келіп амандасады.Онымен танысып сөйлесіп кетеді.Ал енді Пер деген үлкен ағасына біреу келіп,мына сусындарды патша мен ханшайымға апар деп қалады.Оның қасында Пол тұр.Жаңағы үлкен ағасы сусындарды патша мен ханшайымның қасына әкеледі.Кристин бір түрлі қарап қалады.Артынан Эспен өзінше сыйлығын бермек еді,бірақ бүкіл қонақтардың сыйлығы қымбаттау еді.Эспен сыйлығынан ұялып қалады.Патша болса стақанын көтеріп тілек айта бастайды.Сосын сусынды ішіп,артынан патшайым екеуі уланып қалады.Бірден халықт шулап,бұл сусынды мына жігіттер әкелді деп көрсете бастайды.Сатқын адамдар Полдың сөмкесіне удың ыдысын салып жібереді.Осылайша бұларды кінәлі деп шешіп,сот болғанша оларды зынданға апарып тастайды.Ханшайым болса не болып жатқанын түсінбей тұр.Эспен болса,мен бауырларымды шығарып аламын,олардың еш кінәсі жоқ дейді. Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз! #КиноШолу #ОбзорФильмов

Смотрите также