G
enby!

АҢЫЗ болып жүрген ВЕЛИКАНДАР жер бетіне келіп,БӘРІНІҢ МАЗАСЫН АЛАДЫ | Джэк покоритель великанов 2013

Бүгін біз 2013 жылы шыққан "Джэк покоритель Великанов" деген әдемі киноны айтамыз.Кәнеки барлығымыз бейнемізді аяғына дейін көрейік.Сосын каналымызға тіркеліп қойыңыздаршы.Ондай болса кеттік.... Кино басында Джэк деген бала ертегі оқып отырады.Бөлмесіне әкесі келіп,ол сол кітапты баласына оқып береді.Ертегі сол алып адамдар туралы еді. Кезінде бірнеше монахтар болыпты.Олар ерекше өсіп тұрған дәнектерді тауып алып,жерге шашады.Сонда қаншама өсімдіктер ағаштар жерден атып шығып,аспанға дейін өсіп кетеді.Монахтар сол ағашқа өрмелеп барады.Осы кезде төбесінде сол алып адамдар оларды жерге лақтырып жібереді.Содан великандардың өздеріне қызық болып,осы ағаш арқылы жерге түседі.Сосын жер бетіндегінің бәрін ала бастайды.Осы кезде олар алғаш рет адамды жеп көреді.Дәл осы ертегіні Изабелла деген қызға анасы оқып отырады.Әрі қарай монахтар бір алып адамды өлтіріп оның жүрегін алады.Сол жүректі отқа жаққан кезде,корона пайда болыпты.Бұл коронаны Эрик деген басшы киіп алып,бүкіл алып адамдарды басқарған екен.Бәрі оған бағынған.Осы оқиға бәр нәрсені еске түсіреді.Құрандағы Сүлеймен пайғамбардың оқиғасы еске түседі екен.Содан Эрик патша мәңгілікке алып адамдарды өздерінің мекен жайына жібереді.Осыдан бастап бәрі тыныш болады.Біраз уақыттан соң,Эрик патша көз жұмады.Ал оның басындағы коронасы табытқа бірге көміледі.Аңыз болып еді,бірақ оның бәрі кейін шындыққа ауысты деп қалады.Қанша уақыт өтсе де,әлгі алып адамдар бір күні жерге түсеміз ау деп күтіп жүреді екен.Міне арада 10 жыл уақыт өтеді.Джэк деген бала есейіп кетеді.Өзінің ағасымен бірге жүреді.Артынан ол арнайы театрға барады.Ол жерде актерлар осы алып адамдар туралы қойылым қоюда.Джэк маңайдан Изабелланы байқап қалады.Әлгісі патшаның қызы еді.Бір кезде көшенің адамдары қызға тиісе бастайды.Джэк өзінше барып,қызды қорғаштап жігіттерге қарсыласады.Кенет Изабелланы алып кету үшін рыцарьлар келеді.Бір кезде бүкіл адамдар тізерлеп отыра қалады.Джэк бұрылып қараса,жаңағы Изабелла ханшайым екенін байқайды.Элмонт деген әскер басшысы Джэкке қарап,сенің тізең ауыра ма деп қалады.Джэк те сосын тізерлеп отыра қояды.Осыдан кейін бізге Родрик деген ханзадаға үміткер кісіні көрсетеді.Жалпы сенімді адам емес. Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз! #КиноШолу #ОбзорФильмов

Смотрите также