Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданатын заттар
Жүрек жетіспеушілігі систолалық және диастолалық деп екіге бөлінеді. Жүректің қан айдау тиімділігінің төмендеуі, сол жақ қарыншаның жиырылу қабілетінің төмендеуі бұл систолалық жүрек жетіспеушілігі. Ал қарыншанің созылу қабілетінің төмендеуі, қанмен дұрыс тола алмауы диастолалық жүрек жетіспеушілігі деп аталады. Екі жағдайда да қан айналымы азаяды. Систолалық жүрек жетіспеушілігінде лақтыру фракциясы төмендейді, ал диастолалық жүрек жетіспеушілігінде әдетте сақталады. Жүрек жетіспеушілігінің патофизиологиясы қарыншаның жиырылу қабілетінің төмендеуі, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААС) және симпатикалық жүйенің қосылуына себепші болатын зиянды циклде жатыр. Бірақ бұл жүйелер тамырлардың тарылуына, жүрек соғуының жиілеуіне және қан қысымының жоғарылауына алып келеді, бұл жүректің жұмысын одан сайын қиындатады. Альдостерон деңгейінің жоғарылауы қарынша құрылымының өзгеруіне, миокард тінінің тыртықтануына және тамырлардың зақымдалуына әкеліп, ауруды нашарлатады. Екінші жағынан, натрийуретикалық пептид жүйесі де қосылады. Бұл жүйе жүректі қорғайды, ол тамырларды кеңейтеді, натрий мен суды шығарады және жүрек құрылымының өзгеруін тежейді. Жүрек жетіспеушілігін емдеуге арналған препараттардың көбі RAAS пен симпатикалық жүйенің белсенділігін тежеуге және/немесе натрийуретикалық жүйені ынталандыруға бағытталған. Басқа дәрілер қарыншаның жиырылу қабілетін арттырады немесе судың сақталуын азайтады — бұл жүрек жетіспеушілігінің негізгі белгісі. Лақтыру фракциясы төмендеген науқастар үшін алғашқы қатардағы терапияға ангиотензинді өзгертетін фермент (ACE) ингибиторы және бета-блокатор кіреді: ААФ тежегіштері ангиотензин-I-ді ангиотензин-II-ге айналуын тежейді, бұл РААС белсенділігін тежеуге мүмкіндік береді. Жалпы жанама әсерлері құрғақ жөтел, бас ауруы, гипотензия болуы мүмкін. Сирек жағдайда ААФ тежегіштері ангиоэдема деп аталатын ісіну реакциясын туғызуы мүмкін. Ангиотензин рецепторларының тежегіштері (АРБ) ангиотензин-II әсерін тежейді. Бұл дәрілердің әсер ету механизмі ААФ тежегіштеріне ұқсас, бірақ олар әдетте жөтел туғызбайды. Бірақ, олардың тиімділігі төмендеу және көбіне ААФ тежегіштерін қабылдай алмайтын науқастарға қолданылады. Бета-блокаторлар жүрек соғуын баяулатады, өйткені олар жүректегі β1-адренергиялық рецепторларға байланысып, симпатикалық әсерді тежейді. Жалпы жанама әсерлеріне гипотензия жатады. Бірақ сирек және ауыр жанама әсерлерге брадикардия және АВ блоктар жатады. Вазодилататорлар қан қысымын төмендетеді және көбіне ААФ немесе АРБ-ді көтере алмайтын науқастарға қолданылады. Жанама әсерлеріне жүрек айну, буын ауруы және бөртпе кіреді. Диуретиктер көбіне сұйықтықтың жиналуын азайту үшін тағайындалады. Ілмекті диуретиктер ең тиімді және көп науқастарға қолданылады. Тиазидтер тиімділігі төмен, бірақ оларда вазодилатация әсері бар, сондықтан гипертензиясы бар, бірақ сұйықтықтың жеңіл жинақталуы бар науқастарға қолайлы болып табылады. Негізгі жанама әсерлерге электролит балансының бұзылуы, метаболикалық алкалоз және гиповолемия жатады. Альдостерон рецепторларының антагонистері альдостеронның әрекетін тежейді. Альдостеронның негізгі функциясы натрий мен суды организмде ұстап және калийді сыртқа шығару. Альдостерон антагонистері калий сақтаушы диуретиктер ретінде әсер етеді. Дегенмен, жүрек жетіспеушілігін емдеудегі олардың әсері де альдостеронның жүрек пен қан тамырларына тигізетін зиянды әсерін тежеумен байланысты. Негізгі жанама әсерлерге гиперкалиемия және бүйрек функциясының бұзылуы жатады. Дигоксин жүрек бұлшықетінің жиырылғыштығын арттырады, натрий-калий сорғысын тежеу арқылы жасуша ішіндегі натрий концентрациясын арттырады, бұл натрий-кальций алмасушысы арқылы жасуша ішіндегі кальций деңгейін арттырады. Жоғары кальций деңгейі бұлшықеттің жиырылғыштығын күшейтеді. Дигоксин сонымен қатар симпатикалық жүйенің белсенділігін төмендетіп, жүрек соғуын баяулатады. Дегенмен, көптеген жанама әсерлері болғандықтан, ол көбінесе басқа дәрілермен емделмеген науқастарға қолданылады. Ивабрадин жүрек соғуын баяулатады, өйткені ол синустық түйіннің өздігінен импульс шығарушы "I_f каналдарын " каналын тежейді. Жанама әсерлеріне брадикардия, жүрекшенің фибрилляциясы және көру проблемалары жатады. Ивабрадин төмен жүрек соғу жиілігі бар, төмен қан қысымы немесе белгілі бір жүрек аурулары бар науқастарға қолдануға болмайды. ARNI дәрілердің жаңа класы. ARNI терапиясы неприлизин тежегіштері және АРБ-ден тұрады. Неприлизин – натрийуретикалық пептидтерді бұзатын фермент. Неприлизинді тежеу натрийуретикалық жүйенің белсенділігін арттырады. Бірақ, неприлизин сонымен қатар ангиотензин-II-ні де ыдыратады, сондықтан RAAS белсенділігін болдырмау үшін ARB қосылады. Негізгі жанама әсерлерге гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек жеткіліксіздігі кіреді. ARNI терапиясы ААФ тежегіштері және бета-блокаторлармен емделмеген науқастарға қолданылады.