G
enby!

Түркістанға су жетпейді

Түркістан облысының Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Арыс және Отырар аудандарында ағын суын ала алмай отырған диқандар, еккен егініміз күйіп кететін болды деп дабыл қағуда. Сөздерінше, егіндерін суарып жүрген «Шардара» су қоймасына да, «Көксарай» су реттегішіне де Сырдариядан суармалы су жеткілікті деңгейде бөлінбей жатыр. Өйткені, су комитеті мен министрліктегі жауаптылар Сырдария өзенінің қомақты бөлігін тікелей Қызылордаға жібере бастаған. Диқандар Түркістаннан егін көлемі бес есе аз өңірге артық су жіберуге жол бергендердің әрекеті әділетсіздік дейді. Түркістанның бес бірдей ауданындағы диқандар су тапшылығы мәселесін мерзімінен бұрын көтерсек те, әлі күнге дейін шешілмей келеді деп ашулы. Судың көп бөлігі Қызылордаға жөнелтіліп жатыр дейді олар. Айтуларынша, ашық қойманы тұтынатын 30 мың халқы бар Шардара қаласы былтыр бір жарым ай ауыз сусыз отырған. Мақтаға су әсіресе екі айда өте қажет. Егер дұрыс бөлінбесе, мыңдаған адам сан соғады дейді диқандар. КЕНШІМ БЕКМАҒАМБЕТ, Шардара ауданының диқаны: – Қызылорда облысы шаруаларының өндіретін өнімі 107 миллиард теңгеге бағаланған екен өткен жылы. Ал Түркістан облысының шаруаларының өнімі 537 миллиард теңгеге сай өнім өндірген. Былайша айтқан кезде 5 есе. Ал біздің алатын суымыз 2 миллиардтың көлемінде, ал Қызылорда облысының алатын суы өткен жылғы есеппен 9,7 миллиард су алған. Мақтаарал мен Шардарадан өзге арыстық диқандардың да жағдайы мәз емес. Бұрын Сырдариядан тікелей су алса, «Көксарай» су реттегіші мен канал салынғалы ескі жүйе бұзылған. Қазір қоймада су жоқ. Ал каналдан су алуға тыйым салынған. 10 мың гектар жерді игеретін диқандар секундына 300 куб су жіберілсе дейді. Жиналғандар экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязовтың суды ретсіз бөлуге тікелей қатысы бар деп ойлайды. СҮЙЕУБЕК ДІЛДӘБЕКОВ, Арыс ауданының диқаны: – Қожаниязовтың жеке мүддесі бар деген сөз Қызылордада. Өзінің балық шаруашылығы бар, басқа сондай несі бар деген сөз. 550 куб суды Қызылордаға тастайды. Мына Түркістан облысының халқы халық емес пе сонда? Алайда, Қожаниязовтың өзі диқандардың сөзін жоққа шығарды. Айтуынша, Қызылордаға судың көп бөлігі Арал теңізі үшін жіберілген. Мемлекетаралық келісім бойынша теңізге жылына 3 миллиард куб су құйылуы тиіс екен. Алайда су тапшылығынан оны да орындай алмай отырмыз дейді. Ведомства өкілдері былтыр қараша айынан бастап Түркістан мен Қызылорда облыстарындағы диқандарға су тапшы болатынын ескертіп, егінді азайтуды айтқан екен. Соған қарамастан, шаруалар дақылдарды керісінше артығымен отырғызды деп отыр. Былтырғы қазаннан биылғы сәуірге дейінгі вегетациялық аралықта болжаған 2 миллиард су да жиналмапты. СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі: – Біріншіден менің жеке өзімнің ешқандай бизнесім жоқ. Жаңағыдай айтып жатқан көл, балық шаруашылығы жоқ. Ол бекер сөз. Судың бөлісіне араласуға мәжбүрмін. Судың жаңағы өзінің жоспарлары бар, өзінің режимдері бар әр су қойманың, әр судың нысанының. Соның деңгейінде біз жасап отырмыз. Вице-министрдің айтуынша, «Көксарай» су қоймасы емес, ол тек реттегіш міндетін атқарады. Сондықтан «қоймада су жоқ» деу қате пікір деді. Пайдалану ережесіне сай оның айналасына тек мал жайылуы тиіс. Дегенмен дақыл еккендер канал суынан ала алады. «Шардара» су қоймасында былтырғыдан 700 миллион куб су бар, сондықтан Шардара қаласы ауыз су тапшылығын сезбейді деп сендірді. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -   / @informburo31kanal   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Информбюро #Ақиқатын_Айтайық #ИнформбюроЖаңалықтары #БүгінгіЖаңалықтар #БастыЖаңалықтар

Смотрите также