G
enby!

Мәйітті моргтен алып кету үшін қанша ақша беру керек?

Түркістан облыстық мәйітханасында қызметтік тексеріс басталды. Себебі, әлеуметтік желіде дәл осы бюроның қызметкерлеріне шағым түскен. Видео түсірген азаматқа медицина мамандары ақша бермесең жақыныңның денесін алмайсың деген көрінеді. Ағасының денесін алып кете алмай, түні бойы сандалған азамат тек таңертең ғана бас дәрігердің өзіне жолықтым дейді. Өйткені осы күні түс ауа шалғайдағы Шәуілдір ауылында жамағат жаназа шығаруға жиналған екен. Бұл бейнежазбаға қатысты желі қолданушыларының көбі Түркістанда мәйітті тек пара беру арқылы ғана алып шығатын жазылмаған заң бар деген пікір қалдырған. Ал медициналық мекеме басшылығы тексеріс жүргізіп, жемқорлық дерегі анықталса шара қолданамыз деп сендірді. МҰРАТХАН ҚОПАБАЕВ, Түркістан облысы потологиялық-анатомиялық бюросының бас дәрігері: Қызметтік тексеру тағайындалды. Комиссия мүшелері тағайындалып, қазіргі таңда жұмыс жасап жатыр. Бұндай оқиға облыстық потологиялық анатомиялық бюросында бұрын болған емес. Барлық-мән-жайды анықтаймыз. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Түркістан #мәйітхана #морг

Смотрите также