САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖЕҢІЛДЕТУ БИЗНЕСКЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен жаңа Салық кодексіне қатысты түсіндіру семинары өтті.Іс-шарада бизнес өкілдері мен салық төлеушілерге 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа ережелер түсіндірілді.