G
enby!

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚЫТАЙҒА САПАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

Қаржы саласындағы серіктестік, өңіраралық байланыс пен қауіпсіздік мәселелері. Тяньцзиньдегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде осындай маңызды мәселелер көтеріліп, бірлестіктің алдағы он жылға арналған даму стратегиясы пысықталды. Әлем назарын аудаған жиында Мемлекет басшысы ұйымға төрағалық еткен Қытай тарапының ұсыныстарын қолдап қана қойған жоқ. Ел мүддесіне сай келетін бастамаларды да ортаға тастады. Қазір Қазақстан халықаралық көлік-логистикалық хаб құру амбициясын берік ұстанып отыр. Себебі Қытай мен Еуропаны жалғайтын құрлықаралық жүк тасымалының 85 пайызы біздің елдің аумағымен өтеді. Осы орайда Президент «Бір белдеу, бір жол» мегажобасының әлеуеті зор екенін атап өтіп, «ТрансАлтай диалогы» бастамасын іске асыруды ұсынған болатын. Сарапшылардың пайымынша, бұл - ұйымға мүше мемлекеттер арасында алыс-берісті арттырып қана қоймай, еліміздің транзиттік әлеуетіне оң әсер етеді. Наш сайт - https://1tv.kz/
Tik-Tok - https://www.tiktok.com/@1tvkz1?_t=8bD...
instagram -   / 1tvkz   Facebook -   / posts   Telegram - https://t.me/eurasia1tvkz
Qoslike -    / qoslike   Көреміз -    / @koremiz_show   #новости #новостиказахстана #первыйканалевразия #первыйканалевразия #новости #новостиказахстана

Смотрите также