G
enby!

Бюджеттің ақшасына салынған брусчаткалар белгісіз адамның ауласына кетіп жатыр

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Алматыда бюджеттің ақшасына салынған брусчаткалар белгісіз адамның ауласына кетіп жатыр. Жол жөндейтін мердігерлер шаһар орталығындағы бетіне сызат түспеген тас төсеуіштерді бұзып алып, қала сыртына шығарып жатқан жерінен әшкере болды. Олардың бұл әрекетін бірнеше адам сырттай түсіріп әлеуметтік желіге жариялап та жіберген. Мәселен, әкімдік жалдаған мердігерлердің ізіне түскен белсенді Санжар Боқаевтың айтуынша, тас төсеуіштерге тиелген көлік Шамалған ауылына қарай беттеп, бюджеттің брусчаткасы белгісіз жер үйдің ауласына жеткізіледі. Блогердің сөзінше, әкімдік мемлекет мүлкін бәз біреуге сатып жіберген. Сіз бұны Уәлиханов-Жамбыл көшесінен алып келе жатырсыз. Сізге кім алып кел деді? Доставка ғой Иесі сол жақта ма? Кім? Жамбыл-Уәлихановтан шешіп алынған, қараңыз жап-жаңа брусчатканы бұлар сатып жатыр. Бұл жемқорлық. Қайтарып орнына апарыңыздар! Қоғам белсендісі бұл әрекетті мемлекет бюджетін есепсіз жұмсау, ұрлау және елге ортақ мүлікті заңсыз сату деп санайды. Әкімдік 500 миллион теңгеге жуық қаржы бөлген жөндеу жұмысы расында түкке де қажет емес. Өйткені сүрілген тас төсеуіштер жаңартуды қажет етпейді дейді. Ал басы дауға қалған әкімдік ол ақша бірнеше көшені реттеуге жұмсалады деп отыр. Кезінде қазына қаржысына алынған брусчаткаларды мұқтаж жандарға "сыйлапты". "Тас төсеуіштің Алматы облысына әкетілуіне қатысты түсініктеме: келісімшарт бойынша бұзылған материалды кәдеге жарату қарастырылған. Осыған орай мердігер ұйымның өтініші және тапсырыс берушімен келісім негізінде шамамен 90 шаршы метр төсеуіш мұқтаж отбасына берілді. Қалған материал мердігер ұйымның қоймасында сақтаулы". ------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также