G
enby!

Ақтаулық бойжеткен Оксфорд университетіне қалай оқуға түсті?

Ақтаулық Меруерт Бижанова екі жыл бұрын Астанадағы Назарбаев университетінде бакалавр бойынша аяқтаған соң АҚШ-тың Пенсильвания университетінің магистратурасына оқуға «Болашақ» бағдарламасы арқылы аттанған болатын. Биыл оқуын үздік бітірген жерлесіміз Англияның Оксфорд университетінің докторантурасына грант иеленіп отыр. Ол тұманды Альбиондағы әлемнің танымал университетіне шақырту алғанын мақтанышпен жеткізді. Тамыз айының соңында Ақтауда өткен ұстаздардың тамыз конференциясына қатысқан Меруерт «Ой талқыға» арнайы келіп сұхбат берген еді. Білім беру саласын жетілдіру бағытында оқып жүрген ақтаулық ару кейін елге келіп қызмет етуді көздейді.

Смотрите также