G
enby!

«Ұстаз – ұрпақ тәлімгері» атты дөңгелек үстел. Ұлытау аудандық тарихи-өлкетану музейі

📚✨ «Ұстаз – ұрпақ тәлімгері» атты дөңгелек үстел 2025 жылдың 3 қазан күні Ұлытау аудандық тарихи-өлкетану музейінде Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұрпақ тәлімгері» атты мазмұнды дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға №1 Тірек мектебінің ардагер ұстаздары мен қазіргі ұстаздары және музей ұжымы қатысты. Кештің мақсаты — ұлт болашағын тәрбиелеуде үлкен еңбек сіңірген ұстаздарға құрмет көрсету, ардагерлер мен жас буын арасында пікір алмасу алаңын құру болды. 👩‍🏫 Қадірменді ардагер ұстаздарымыз: Жұманова Айгүл Шаяхметқызы Зоя Есілбайқызы Омарова Күлтай Әлиқызы Әліпбекова Жұмакүл Әбдірайымқызы Досанова Тоғжан Жұмағалиқызы Бапова Күлнәзия Айтенқызы Байсалбекова Раушан Камайқызы Нұрманова Нұржамал Шиналиевна 🍀 №1 Тірек мектебінің ұстаздары: Осканова Патимат Сұлантхамитқызы, Бектибаева Қыдыркүл Ахметқызы, Искакова Айгүл Тоқтарқызы, Бегаева Еркеназ Төлеуқызы. 🪑 Дөңгелек үстел барысында «Ұстаз еңбегінің ұлт болашағындағы орны» тақырыбында мазмұнды пікір алмасу өтті. Қатысушылар ұстаздық жолдың қадір-қасиеті, қазіргі білім мен тәрбиенің сабақтастығы, жас мамандарға бағыт-бағдар беру туралы ой-пікірлерін ортаға салды. 🌸 Ұстаздарға гүл шоқтары мен алғыс білдірілді. 🏛 Кеш соңында қатысушылар музейдің тұрақты және тақырыптық экспозицияларымен танысып, естелік фотосессия ұйымдастырылды. 🙏 Құрметті ұстаздар, жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие берудегі еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз! Ұстаздар күні құтты болсын! #ҰстаздарКүні #ҰстазҰрпақТәлімгері #ҰлытауМузейі #АрдагерҰстаздар #БілімБеругеҚұрмет #МәдениІсшара #Ұлытау2025

Смотрите также