G
enby!

Ерден Садыбайұлы. Ұлытау аудандық тарихи-өлкетану музейі

🎥 Тарихи-танымдық бейнематериал Ерден Сандыбайұлы (1808–1863 жж.) – Бағаналының даңқты батыры, биі әрі аға сұлтаны. Ол шешендігімен де, батырлығымен де ел арасында зор беделге ие болған тарихи тұлға. 📜 Өмір жолынан деректер: 1832 жылы Қоқан-Жырық-Байназар болысының басқарушысы болып сайланды. 1846 жылы сұлтан дәрежесімен хорунжий шенін алды. 1855 жылы наурызда ІІ Александрдың таққа отыру рәсіміне қазақтың аға сұлтандары мен күміс күйші Тәттімбетпен бірге делегат ретінде қатысып, Петербургте болды. 1859 жылы Ресей әскерінің Қоқан хандығына қарсы жорығына қатысып, қоқандықтарды Шу–Түркістан өңірінен ығыстырып шығарды. 1862 жылы Шоқан Уәлихановпен бірге Атбасар дуанының аға сұлтаны қызметіне үміткер болды. Денсаулығына байланысты Шоқан өз еркімен бас тартқан соң, Ерден Сандыбайұлы генерал-губернатордың жарлығымен осы қызметке тағайындалды. 🔎 Тарихи бағасы: Халықтың сеніміне ие болған Ерден батыр жайында замандастары да жоғары пікір қалдырған. Ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов: «Ұлытау жерін мекендеген аса күшті, саны өскен, бай Бағаналы руын басқарған Ерден Сандыбайұлы – өте ықпалды феодал» – деп әділ бағасын берген. 🏔 Мәңгілік мұра: Арқаның алтын кіндігі – Ұлытаудың бөктерінде бой көтерген Ерден Сандыбайұлының еңселі ескерткіші бүгінгі ұрпаққа ел тарихын еске салып, батырдың рухын ұлықтап тұр. 📚 Ақпарат көздері: Ұлытау ауданы энциклопедиясы, 2018 ж. Ortalyq.kz сайты

Смотрите также