G
enby!

СУДЬЯЛАР МЕН ПРОФЕССОРДАН ҚЫСЫМ КӨРГЕН КӘСІПКЕР ПРЕЗИДЕНТТЕН КӨМЕК СҰРАЙДЫ

Елімізде соттар әділ шешім шығара ма? Сот реформасы нақты іске асып жатыр ма? Бұл сұрақтар Шымкенттік кәсіпкер Нұрлығали Жаппаровтың жанайқайы арқылы біздің бағдарламада көтерілуде. Кәсіпкер бірнеше жылдан бері көршісінің ықпалынан, әділетсіз сот шешімдерінен зардап шегіп келеді. Ең сорақысы – заңды құжатпен тұрғызылған ғимараты сот шешімімен бұзылуға бекітіліп, бұл іске ортақ меншік иесі – зайыбы Жанат Жаппарованың пікірі мүлде ескерілмеген. Бұл – жеке адамның емес, жалпы қоғамның проблемасы. Себебі «Әділетті Қазақстан» идеясын жүзеге асыру жолында сот билігіне деген сенімнің қайта қалпына келуі – басты шарт. Осы шығарылымда біз сот жүйесіндегі олқылықтарды, кәсіпкердің өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткен күйін, әділдік үшін шаршаусыз күресін баяндаймыз. Бейжай қалмаңыз. Бөлісіңіз. Әділдік үшін үн қосыңыз. Біздің байланыс нөміріміз: 8701 186 38 38 © Жоба ақылы. Демеушімен төленген. Ескерту: Бағдарлама барысында кейіпкерлердің айтқан пікірлері мен көзқарастары Айгүл Орынбек - LIVE YouTube арнасының ұстанымын білдірмейді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Масс-медиа туралы» заңына сәйкес, сұхбат берушілер өз мәлімдемелерінің дұрыстығы және мазмұнына толықтай өздері жауапты екенін ескертеміз! #әділдікіздеймін #шымкент #сотжүйесі #кәсіпкержанайқайы #нұрлығалижаппаров #қазақстанжаңалықтары #президенткеүндеу

Смотрите также