9 сынып ХИМИЯ §8 Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдардың қасиеттері
§8 Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдардың қасиеттері 1. Қышқылдар деген не? Мысал келтіріңдер. 2. Берілген қышқылдарды негізділігі бойынша жіктеңдер: H3PO4 , H2SO4 , HI, H4P2O7 , HNO2 , HMnO4 , H2CO3 , HBrO3 , H3CrO3 , H2SO3 . 3. Тұз қышқылының мына заттармен әрекеттесу теңдеулерін құрыңдар: а) мыс , магний, алюминий металдары; ә ) натрий , кальций , мыс ( II ) оксидтері; б) литий , алюминий , мыс ( II ) гидроксидтері; в ) кальций хлориді , натрий сульфиді тұздарымен. 4. Қышқыл формулаларындағы элементтердің тотығу дәрежелерін анықтаңдар: H3PO4 , H2SO4 , HI , HNO3 , HMnO4 . ● 1. Массасы 10 г магний оксидіне күкірт қышқылымен әсер еткенде қанша грамм тұз түзіледі? Жауабы : 30 г. ● 2. Массасы 880 г темір (ІІ) сульфидіне азот қышқылымен әсер еткенде күкіртсутектің қандай көлемі (қ.ж.) түзіледі? Жауабы : 224 л. #қышқылдар #диссоциация #электролит #иондар #ион #тотығу #теңдеу #химия #9сынып