G
enby!

9 сынып ХИМИЯ §9 Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан тұздардың қасиеттері

§9 Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан тұздардың қасиеттері 1. Тұздар деген не, олар қалай жіктеледі? 2. Формулалары берілген тұздардың ішінен орта, қышқыл және негіздік тұздарды бөліп жазыңдар: KCl, Ba(HCO3)2 , Ca(H2PO4)2 , Na2SO4 , MgOHBr, Cu(NO3)2 , KHCO3 , Li3PO4 , AlOHCl2 . Тұздарды атаңдар және олардың диссоциациялану теңдеулерін жазыңдар. 3. Формулалары берілген тұздардың құрамындағы элементтердің тотығу дәре- желерін анықтаңдар: MgCl2 , BaCO3 , Ca3(PO4)2 , KH2PO4 , Na2CO3 , Fe(NO3)3 , CaCl2 , MgHPO4 , MgOHBr, Al2S3 , Cu(NO3)2 , Li3PO4 . 4. Ерітіндіде жүретін мына реакциялардың молекулалық және иондық тең- деулерін құрастырыңдар. а) NaCl + Pb(NO3)2 → ә) Zn + FeBr3 → б) AlCl3 + KNO3 → в) BaSO3 + HNO3 → г) NaNO3 + H3PO4 → ғ) Cr + AgNO3 → д) Ba(OH)2 + K2SO4 → 5. Темір (ІІІ) хлоридін бірнеше әдіспен алу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. 6. Үш сынауықта натрий, магний және мыс (ІІ) хлоридтерінің ерітінділері бар. Әр сынауыққа темір тақташаны батырғанда, қай сынауықта химиялық реакция жүретінін түсіндіріңдер. Тиісті реакция теңдеулерін құрастырыңдар. 7*. Химиялық реакция теңдеулерін құрастырыңдар: а) оксид → негіз → тұз → қышқыл; ә) негіз → тұз 1 → тұз 2 → қышқыл → тұз 3 . 8*. Айналымды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар: а) CaO → CaCl2 → CaCO3 → Ca(HCO3)2 → CaCO3 → CaO ә) Al → AlCl3 → Al(OH)3 → AlOHSO 4 → Al2(SO4)3 → AlPO4 б) K → К2О → KOH → KCl → KNO3 ● 1. Массасы 400 г натрий гидроксиді бар ерітіндіге мыс (ІІ) хлоридінің ерітіндісін қосты. Түзілген тұнбаның массасын анықтаңдар. Жауабы : 490 г. #тұздар #диссоциация #электролит #орта #қышқылдық #негіздік #бекетов #активтілік #формула #тұз #реакция #химия #9сынып

Смотрите также