G
enby!

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ РЕКОРДТАР ИЕСІ АЗАМАТ МАҚҰЛБЕКОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев қазақ спортының мақтанышы, ұлттық күш сайыстары бойынша бірнеше мәрте рекорд орнатқан арыстық Азамат Мақұлбековті арнайы қабылдады. Кездесу ел абыройын асқақтатқан ер азаматтың еңбегіне құрмет ретінде ұйымдастырылды. Азамат биыл Қыркүйек айында Алматыдағы әйгілі «Медеу» мұз айдынының 842 баспалдағына салмағы 100 келілік өгіз мүсінді 34 минут 28 секундта көтеріп шығып, КИнЭС–2025 Қазақстан рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді. Бұл — оған бұған дейін қосылған бірнеше ірі жетістіктің жалғасы. #туркестанскаяобласть #2025 #arys #арыс #жаңалықтар

Смотрите также