G
enby!

Арыс қалалық мәслихат депутаты Маханбет Төлебековсайлаушылармен кездесті

Қалалық мәслихаттың депутаты – өзінің сайланған округіндегі халықтың талап-тілегін жергілікті атқарушы органдарға жеткізуші және олардың орындалуына ықпал жасайтын, көпшілік дауыспен сайланған халықтың өкілі. Өз кезегінде депутаттарда жылына бір рет ел алдында есеп беруге міндеттеледі. Осыған сәйкес, Арыс қалалық мәслихатының 8-ші шақырылым депутаттары өз сайлаушыларымен кездесіп жүр.. Бүгін Монтайтас ауылдық округі бойынша сайланған депутат Маханбет Төлебеков ауыл жұртшылығымен жүздесті. Кездесу Монтайтас, Шағыр, Қабылсай ауылдарында өтіп, депутат есеп берді. #туркестанскаяобласть #2025 #arys #арыс #жаңалықтар

Смотрите также