Халық саны ең аз аудан - Марқакөлде жұрт қалай өмір сүріп жатыр?
Шалғайдағы елді мекендерде шешілмеген мәселе көп және олар бір-бірімен тығыз байланысты. Жұмыссыздық, жол азабы, таза ауызсудың тартылмауы, ұялы байланыс пен интернеттің жоқтығы, отын-көмірдің машақаты, медицина мамандарының жетіспеушілігі сияқты түйткілдер халықтың байырғы баба мекенін тастап қалаға қарай үдере көшуіне түрткі болды. Халық көшкен соң ауыл мектептерінде бала саны кеміп, білім ошақтары жабыла бастады. Осы және өзге де мәселелер “F16” арнасында жарық көретін «Шекарадағы аймақтың проблемасы» атты жобада жан-жақты қамтылатын болады. #қазақстанжаңалықтары #rek #news #f16 #rec #шқо #марқакөл #шІекаралықаудан #маркакол #ауызсу #интернет #былғарытабыты