Ардақ Балажанова: Мектепте сыныптастарым менсінбейтін | Жақсы адамдарым
«Жақсы адамдарым» шығарылымының кезекті қонағы – күміс көмей, жез таңдай әнші, Жетісу өңірінің сирек кездесетін сырлы сазын тыңдарманының жүрек түкпіріне жеткізіп, өз заманының да үнін ескімен үлестіре білген дәстүрлі әнші – Ардақ Балажанова! Бағдарлама барысында Ардақ Балажанованың өнер сахнасына қандай қиындықпен келгенін білеміз. Өнер иесін алғаш рет алып Алматыда кім сүріндірді? Домбырамен ән айтуына тыйым салып, гитарамен ән айтқызған кім? Ардақ бойжеткен шағында кімге ғашық болды? Өмірде қандай жар? деген сұраққа жұбайы Марат Хайрушин жауап беріп, студент шақтарынан сыр шертті және отбасылық өмірлерінің жарқын шақтарын сөз етті. Ардақ Балажанованың өнердегі інісі Нұрболат Арзамасұлы бағдарламаға арнайы келіп, жез таңдай әншінің талантына тамсанып, өнеріне тәнті болғанын, тіпті Ардақ Балажанованың шәкіртін жары еткенін айтып өтті. Ардақ Балажанованың өміріне толық шолу жасалған, әсем де әуезді әуен шырқалып, жылы естеліктер айтылған осы аптадағы қызықты хабарды жіберіп алмаңыздар! «Әннің де естісі бар, есері бар,. Тыңдаушының құлағын кесері бар». Біздің жобаларға жазылыңыз: @JibekJolypodcast @JibekJolyMusic @JibekjolyNews @Kazinform Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар! #jibekjolytv #ардақбалажанова #жақсыадамдарым
Смотрите также
