Қабиболла Сыдиықұлы туралы ақын, журналист, ауылдас інісі Базарбаев Бүркітпен әңгіме
Ақмаржан қала Ақтаудағы қазыналы мекеннің бірі – Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы. Кітап ордасына 2017 жылы қазақ әдебиетіне, әдебиеттану ғылымына елеулі еңбек сіңірген ғалымдардың бірі – Қабиболла Сыдиықұлының есімі берілді. Биыл Қ.Сыдиықұлының 90 жылдығына орай, ғалымды көзі көрген, шығармашылық байланыста болған тұлғалармен кездесіп, ол туралы естелік әңгімелерді жариялап отыруды жөн көрдік. Бүгінгі қонағымыз – Қабиболла Сыдиықұлының ауылдас інісі, ҚР Жазушылар одағының, ҚР Журналистер одағының мүшесі Базарбаев Бүркіт.