Қабиболла Сыдиықұлы туралы жазушы, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлымен әңгіме
Ақмаржан қала Ақтаудағы қазыналы мекеннің бірі – Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы. Кітап ордасына 2017 жылы қазақ әдебиетіне, әдебиеттану ғылымына елеулі еңбек сіңірген ғалымдардың бірі – Қабиболла Сыдиықұлының есімі берілді. Биыл Қ.Сыдиықұлының 90 жылдығына орай, ғалымды көзі көрген, шығармашылық байланыста болған тұлғалармен кездесіп, ол туралы естелік әңгімелерді жариялап отыруды жөн көрдік. Бүгінгі қонағымыз – ҚР Жазушылар одағының мүшесі, өлкетанушы, ҚР ағарту ісінің озық қызметкері Отыншы Көшбайұлы.