Көлік жүргізушілерінің назарына!
Енді көлігін тыйым салынған жерде қалдырып, өзге автомобиль иелеріне кедергі келтірген жүргізушілер 11 796 теңгеден 39 320 теңгеге дейін айыппұл төлейді. Төлемнің көлемі заңбұзушылықтың түрлеріне қарай артады. Мәселен, жүргізуші тұрақ ережесін бұзса, яғни көлікті қоюға болмайтын жерге қалдырса, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 19 660 теңге төлеуге міндеттеледі. Ал жол қозғалысына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған жағдайда төленетін сома артады. Мысалы, темір тұлпарды тротуарға, гүлзарға, балалар немесе спорт алаңына қою не мүгедектерге арналған орынға тұрақтау – 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 39 320 теңгеге тең. Бұдан бөлек, ақылы автотұрақтардың ақшасын төлемеген жүргізушілер де жауапкершілікке тартылады. ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ: Ақылы автотұрақ үшін төлем жасамаған жүргізушілерге де жаза қолданылады. Ереже бұзу алғаш рет анықталған жағдайда 3 932 теңге, ал жыл ішінде қайталанса 7 864 теңге айыппұл салынады. Тұрақ ережесін сақтау - тек заң талабы емес, өзге жол қозғалысына қатысушыларға деген құрметтің белгісі. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал