G
enby!

Елімізде орташа жалақы алатын азаматтарға жеңілдетілген ипотека беру ұсынылды

Жылжымайтын мүлік сарапшылары орташа жалақы алатын азаматтарға жеңілдетілген ипотека беруді ұсынып отыр. Себебі қаңтардан бастап баспана нарығында құн салығы пайда болса пәтерді қолма-қол былай тұрсын, кредитке алудың өзі қиындайды дейді. Сарапшылар ұсынған үй несиесінің шарттары қандай? Экономистер не дейді? Тақырыпты әріптесім Оразай Нұртайұлы студияда өзі жалғастырса. Келесі жылы құн салығы 16 пайызға көтеріліп қана қоймай, баспана нарығына қайта оралады. Жылжымайтын мүлік сарапшыларының пікірінше, бұл өзгерістен үй қымбаттап, орташа жалақыға күн көретін жандардың ипотека алуын қиындатуы мүмкін. Сол себепті тұрақты жұмысы мен табысы барларға мөлшерлемесі 7 мен 8 пайыз, алғашқы жарнасы 15 проценттен аспайтын және бірінші үйді сатып алу кезінде құн салығына субсидия, не салықтық шегерім беретін бағдарлама шығару ұсынылды. Енді жылжымайтын мүлік сарапшысы Жеңіс Шәріпұлының ойын білсек. Құн салығының несиеге әсері қандай, жеңілдетілген ипотекаға қатысты ұсынысқа не дейсіз? ЖЕҢІС ШӘРІПҰЛЫ, Жылжымайтын мүлік сарапшысы: Негізі НДС туралы айтатын болсақ, НДС-тің ипотекаға тікелей байланысы жоқ. Бірақ бұл сарапшымен келісемін. Бізде қазір ипотекамен қиын болып тұр. Өздеріңіз білетіндей, қазір нарықта ипотеканың ставкасы 20 пайызға жетеді. 18-20 процент. Қазіргі таңда көп шектеулер де болып жатыр. Госпремияны да азайту талқылануда. Менің ойымша, қазір Отбасы банк арқылы немесе 7-20-25 лимитін көбейту арқылы ипотека нарығына, адамдарға көмектесу керек деп санаймын. Ал экономист Марат Қайырленов құн салығының өсуі ипотекаға тікелей әсер етпегенмен, халықтың төлем қабілетін төмендетіп, банктердің баспана несиесін азайтуына әкеледі дейді. МАРАТ ҚАЙЫРЛЕНОВ, экономист: Бұл банктерге мәселе тудырады. Борышкерлер қатарының артқаны оларға тиімсіз. Әрине, ипотека үшін баспана кепілдікте тұрады. Бірақ банкке қарыздың қаржылай өтелгені маңызды. Ал салықтың салдарынан орташа жалақы кредит төлеуге жетпейді. Қазірдің өзінде табыстың 50 пайызы несиеден басқа шығындарға кетіп жатыр. Сарапшы мен экономистердің болжауынша, келер жылы үй бағасы 7 пайызға көтерілуі мүмкін. Ал құн салығы қаңтарда нарыққа бірден әсер ете қоймайды, 2-3 тоқсаннан кейін білінеді дейді. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал

Смотрите также