G
enby!

"АРНАЙЫ РЕПОРТАЖ": ЕЛ МЕРЕЙІН ҮСТЕМ ЕТКЕН БОКС САҢЛАҚТАРЫНА ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкентте халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап қайтқан спорт саңлақтарына ерекше құрмет көрсетілді. Ливерпуль төрінде өткен әлем чемпионатында көк байрағымызды көкке көтеріп, Қазақстанның даңқын асқақтатқан жеңімпаздар жерлестерінің қошеметіне бөленді. Бұл — тек спортшыларға арналған салтанатты қабылдау ғана емес, ұлттың рухын көтеретін, жастарға үлгі болатын ерекше шара болды. Жеңісті жастарды «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиал төрағасы Мұрат Жолдыхожаев арнайы қабылдап, жеңіс қуанышын бірге бөлісті. Қазақтың көк Туы желбіреген сәт – әрбір отандасымыздың жүрегін тебірентті. Ал сол жеңістің иелері — бүгін ел алдында, көпшіліктің құрмет төрінде.

Смотрите также