📍АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ ҮНПАРАҚТАР ТАРАТЫЛДЫ.
📌 Алаяқтардан сақтаныңыз! Бүгін 18 қыркүйек қала тұрғындары арасында, такси тұрағына, маршрут аялдамасы, арнайы жарнама орналастыратын орындарға аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен алаяқтықтың алдын алу мақсатында бірлесіп таратуды қамтамасыз ету үшін облыс прокуратурасымен әзірленген үнпарақтар таратылды. 📌Жеке деректеріңізді және банк карталары мен шоттарының мәліметтерін жарияламаңыз, белгісіз бағдарламаларды (Hoptodesk, Anydesk жене т.б.) телефоныңызға жүктемеңіз, бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз. Достарыңыз бен туыстарыңызға ескертіңіз! 📌Сізге қарсы алаяқтық жасалған уақытта дереу жақын жердегі полиция бөліміне хабарласыңыз немесе 102 нөміріне қоңырау шалу қажет. #AQTOBEJASTARY #ШАЛҚАРЖАСТАРЫ
Смотрите также
