G
enby!

«OskemenAgroProdukt»: қазақстандық өнім жаһандық нарықта

Шығыс Қазақстандағы ең заманауи май зауыты – «OskemenAgroProdukt» күнбағыс майын толық автоматтандырылған жүйеде өндіреді. Мұнда тәулігіне 160 тоннаға дейін шикізат өңделіп, 70 тоннаға дейін сапалы май шығарылады. Өнімнің сапасын технолог Диана Заурова әр екі сағат сайын тексеріп, тұтынушыға сенімді май жеткізілуін қамтамасыз етеді. 2019 жылы іске қосылған зауыт бүгінде Қытай, Өзбекстан және Тәжікстанға өнім экспорттайды. Оның дамуына құрылыс, құрал-жабдық және айналым қаражатын қаржыландыру арқылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қолдау көрсеткен. Бұл – сапа, технология және адам еңбегі үйлескен өндірістің шынайы тарихы.

Смотрите также