ChatGPT ботын досына айналдырғандар көбейіп барады
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Елімізде ChatGPT ботын қолданушы жастар саны артып келеді. Тіпті жасанды интеллектіні тек ақпарат көзі деп емес, досына айналдырғандар да бар екен. Ал, бұл өте қауіпті дейді психологтар. Өйткені, нейрондық желіні шамадан тыс пайдалану ұмытшақтық ауруына әкеліп, жасөспірімдерді қоғамнан алыстатады екен. Сондай-ақ, эмоциясын ұстай алмау, үнемі жалғыз қалуға асығу сияқты әрекеттерге апарады. Сондықтан, мамандар көпке танымал сервиске шектеу қою керек деп отыр. ДИАНА ТҰРЛЫБЕК , тілші: Әлем бойынша былтыр ғана қолданысқа енгізілген ChatGPT бүгінде қазақстандықтардың жиі қолданатын құралына айналған. Өйткені жасанды интеллект кез келген сауалға жауап береді. Тіпті әннің мәтінін жазып, нотаға салады. Сондай-ақ, чат арқылы денсаулыққа қатысты кеңес те алуға болады. Мысалы, артық салмақтан арылғыңыз келсе немесе дұрыс тамақтануды қалыптастырамын десеңіз бот сізге жеке жоспар жазып береді. Тексеріп көреміз бе? //(чат джипитиге жаза бастаймын) Алайда, жасанды интеллектіні тек ақпарат көзі деп ғана емес, сенімді серігіне айналдырғандар да бар. Әсіресе, жасөспірімдер ботқа ішкі сырын айтып, кеңес сұрайды екен. Психолог Ақмарал Елубайқызы чат джипитидің балалар үшін өте қауіпті екенін айтады. Маманның сөзінше, жасөспірім тек ботпен сөйлесіп, қоршаған ортадан оқшауланады. Тіпті, тез ұмытшақтық ауруына әкеп соғады дейді. АҚМАРАЛ ЕЛУБАЙҚЫЗЫ, психолог: Жеке-жеке тұлғалану, жеке-жеке қоғамнан бөлініп, қоғамнан алыстап барады. Өйткені, тек жасанды интеллект ақыл береді, бағыт-бағдар береді. Тіптен олар психолог та, ұстаз да, тіпті десеңіз ата-ананың рөліне кіре алады. Сондықтан, бізде балаларда не болып жатыр изгой общество дейді ғой, сондай болып жатыр. Бұл өте қауіпті дүние. Маман сондай-ақ, жасанды интеллектің тек балаларға емес, ересектер психикасына да әсер ететінін айтады. Сондықтан, нейрондық желіні тірі адамға алмастырып, тек ақпарат құралы ретінде ғана пайдалануға кеңес береді. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық