Мектепке дейінгі білім беру мекемелері айналасындағы даулар жыл сайын қозғалады
Мектепке дейінгі білім беру мекемелері айналасындағы даулар жыл сайын қозғалады. Балабақшаға кезекке тұру, орын жетіспеушілігі, асханадағы тамақ мәселесі, педагогтер мәртебесі, балаларға зорлық-зомбылық жасау сынды ұзын-сонар мәселелер туралы түрлі ақпарат көздері жиі жазуда. Бүгінгі күнге дейін елімізде жекеменшік балабақшалардың жұмысы реттелмей келді. Осы мәселені биылдан бастап "Асыл ұрпақ" қауымдастығы жүзеге асыра бастады. Алматы қаласында өткен тамыз конференциясы "Өзін-өзі реттеудің тиімділігі" тақырыбына арналды.