Енді «Кеген» өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істейді
ДИКТОР: Үздіксіз сапар. Енді «Кеген» өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істейді. Бұған дейін шекарадан өту тек күндізгі уақытпен шектелетін. Жаңа жұмыс тәртібі туристерге, жүк көлігін жүргізушілерге және жолға түнгі уақытта шығуды жөн көретіндерге айтарлықтай қолайлылық туғызады. Сондай-ақ, көлік қозғалысын жеңілдетіп, өңірлік байланыстардың дамуына оң ықпал етеді.