Механизатор – сұранысы жоғары мамандық | Адал еңбек
Ауылдық жерде сұранысқа ие маманның бірі – механизатор. Егіннің бітік шығуы солардың жұмысына тікелей байланысты. Күрделі техниканың тілін білетін, көктемде дән сеуіп, күз келгенде астық оруға кірісетін бұл кәсіп иелері – нағыз еңбек адамдары. Механизатор болу оңай емес. Бойдағы күш-қайраттан бөлек, техникалық білім мен жауапкершілікті талап етеді. Олар ерте қамданады. Техниканы уақытында дайындап, күтіп-баптайды. Себебі науқан басталғанда тізгіндеген тракторы істен шықса, бүкіл жұмыс кідіріп қалады. Сондықтан да бейқам отырмайды. Оның үстіне ауа райының қас-қабағына қарайды. Топырақтың жылуы, ылғалдың жайын білу де маңызды. Осының бәрін ескеріп, механизаторлар кең даланың төсіне шығады. Негізгі міндет – ел несібесін төкпей-шашпай жинап алу. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24 #механизатор #жұмысшымамандықтаржылы #еңбекадамы #ауылшаруашылығытехникасы #ауылшаруашылығы #трактор #адалеңбек