G
enby!

Шахта техникасын күтіп-баптайтын кімдер? | Адал еңбек

Кейбір кәсіп иелері жайында газет-журналдарда жиі мақала шықпайды. Олар туралы арнайы көркем фильм де түсірілмеуі мүмкін. Алайда осы еңбек адамдарының арқасында елдің индустриалды қуаты еселеп артып келеді. Ал бұған жылдар бойы жинаған тәжірибе мен өз ісіне деген адалдық негіз болды. Біз бүгін тау-кен шахталық жабдықтарды жөндеумен айналысатын мамандар жайында айтамыз. Олар жер астында тер төгіп жүрген адамдардың қауіпсіздігі үшін қажет техниканың тілін біледі. Бұл техника – тау-кен саласының өзегі. Егер ол істен шықса, тұтас шахтаның жұмысы тоқтайды. Жөнделген әр деталь өндірістің үздіксіз қызметін қамтамасыз етеді. Жабдықтарды жаңартатын, жөндейтін, күтіп-баптайтын мамандар – нағыз еңбек адамдары. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24 #шахта #техникалыққауіпсіздік #таукенсаласы #таукеншахталықжабдықтар #адалеңбек #еңбекадамы #жұмысшымамандықтаржылы

Смотрите также