Әскерден - жоғары оқу орынына жолдама
Әскерден - жоғары оқу орынына жолдама. Жетісу облысында "Сарбаз 2.0" әскери бағдарламасымен бірқатар азамат жоғары білім алуға мүмкіндік алды. Солардың бірі - Сергей Нерода. Оған жауынгерлік дайындықта жоғары нәтиже көрсетіп, кәсіби білім мен дағдыларды жақсы деңгейде меңгергені үшін университетке жолдама берілді. Оны облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов табыстады. Бұл сертификат Алматы техникалық университетінің "Электроника және автоматтандыру" мамандығын тегін оқуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, Сергей Нерода әскери борышын Алакөл ауданы, Үшаралдағы шекара әскери бөлімінде өтеген.