«Дәрігерді оята алмай 6 сағат отырып, ақыр соңында баламыз комаға түсті»
Түркістандық ата-ана төрт жасар баланың ес-түссіз комаға түсуіне дәрігерлерді кінәлап отыр. Олар ауруханаға алып келген ұлымызды ақ халаттылар алты сағат бойы қарамай қойды деп ашулы. Тіпті, кезекші дәрігер ұйықтап, медбике бастығын оята алмай әлекке түсті дейді. Шағымданушылар емдеу мекемесіндегі немқұрайлықтың кесірінен кішкентай бүлдіршін хал үстінде жатыр деп есептейді. Денсаулық сақтау министрлігінен көмек сұраған тұрғындардың талабын өңірдегі әріптесім Нәзерке Үкібасова тыңдап келді. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал