Dinara Kemelkhan - Шүкірім | Премьера песни
Dinara Kemelkhan - Шүкірім Сөзі: Мөлдір Айтбай Әні: Жарасқан Төлебай 1. Бақытым менің базарым Ғайыптан туған ғажабым Пәктігін қалай жеткізем Періште сынды тазаның Керемет көрем көзіңнен Аумай туғансың өзімнен Өлеңім әлсіз сене алсаң Өзіңе деген сезімнен Қайырмасы: Аллаға сансыз шүкірім Байлығым бағым бүкілім Жер бетіндегі жан дауам Сырғалым, сәндім, үкілім Аппағым, тәттім, жұмсағым Жауыным,қарым, бұршағым Тоғыз ай сені көтеріп Тіршілік етті құрсағым 2. Сен десе болмас жыр шегі Анаңдай сүйсін күн сені Сен жарық көрген күн менің Ең нұрлы күнім біл соны Қайырмасы: Аллаға сансыз шүкірім Байлығым бағым бүкілім Жер бетіндегі жан дауам Сырғалым, сәндім, үкілім Аппағым, тәттім, жұмсағым Жауыным,қарым, бұршағым Тоғыз ай сені көтеріп Тіршілік етті құрсағым #DinaraKemelkhan #Шүкірім #ДинараКемелхан booking: dinarakemelkhan1@gmail.com Все права защищены. Несанкционированное использование является нарушением действующего законодательства. Во избежание нарушения авторских прав, просим не загружать данное видео на свой канал. © ℗ TASPA ENTERTAINMENT