Dinara Kemelkhan - Әйел монологы | Lyric audio
Dinara Kemelkhan - Әйел монологы Lyric: Fariza Ongarsynova Music: Gulnar Shamshieva Lyrics: Сенің от құшағыңда Дүниені ұмытып талқысыдым Жүрегімді өртеді жан ыстығың Мынау байтақ әлемде Тек екеуміз, тек екеуміз Жүргендейміз айналып ғарышты мың Арманым-ай, Ардағым-ай Ардағым боп неге қалмадың-ай… Сен жанымда жүрдің де Жанарымды толтырдың жылылыққа Жан жылуын балар ем ұлылыққа Тәттілігін сезіндім Бұл өмірдің, бұл өмірдің Әр күніне тоймадым құнығып тым Арманым-ай, Ардағым-ай Ардағым боп неге қалмадың-ай… Бірақ өзің айныдың Ұмыттың да барлығын жұмақ күнін Сен мысқылдап, мен болсам жылап тұрдым Өмір деген бұрқанған Дарияға, дарияға бұрымымнан ұстап ап лақтырдың Сонда ғана есейіп Бұл жалғанда, бұл жалғанда Бәрі алдамшы екенін бір-ақ білдім. Арманым-ай, Ардағым-ай Ардағым боп неге қалмадың-ай… #DinaraKemelkhan #ДинараКемелхан booking: dinarakemelkhan1@gmail.com Все права защищены. Несанкционированное использование является нарушением действующего законодательства. Во избежание нарушения авторских прав, просим не загружать данное видео на свой канал. © ℗ TASPA ENTERTAINMENT
 
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
            