Елімізде көмір бағасы шарықтап тұр
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Көмірге бай елде қатты отынның бағасы тағы да шарықтап тұр. Мәселен, еліміздің солтүстігінде көмірдің бір тоннасы бір жылдың ішінде үш мың теңгеге өскен. Ал қысқа тонналап отын алып қамданатын халық зейнетақылары мен жалақыларынан жырып береді. Өйткені көпшіліктің қыс қаһарына мінгенде бүрсең қағып отырғылары келмейді. РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, тілші: Біз қазір Петропавлдағы көмір сататын орындардың біріндеміз. Байқасаңыз көмірге талас, аса үлкен кезек байқалмайды. Бірақ тұрғындар қара отынның бағасы күрт қымбаттап кеткенін айтады. Таңның атысымен көмір алуға келгендердің бірі - Жайлау Жалтыров. Зейнеткер қатты отын алу үшін Петропавлдан 60 шақырым жердегі Смирнов ауылынан көлік жалдап келгенін айтады. Зейнетақысынан ақша жинап келген қарт көмір бағасының бірден үш жарым мың теңгеге өскенін естігенде жағамды ұстадым дейді. ЖАЙЛАУ ЖАЛТЫРОВ, Смирнов ауылының тұрғыны: Арзандау болса, бұрынғы қалпына келсе біз қуанар едік. Біз қолда емес. Айқайлаймыз, ұрсысамыз. Ойбай үкімет қайда қарап отыр. Неге қымбаттай береді деп. Ештеңе өзгермейді. Бәрін жеке меншік қолға жіберіп қойды. Олар мен қожамын деп ойына келгенін істеп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, әсіресе халық арасында аса сұранысқа ие Шұбаркөл мен Қаражыра отынының қымбаттағаны қиын болған. Өйткені Шұбаркөлдікі 21 500 теңгеден сатылса, Қаражыра көмірі 23 мың теңгеге дейін барады дейді. Оның үстіне қатты отынды үйге жеткізіп беретін делдалдар да қараша халықты тонап бітті деп отыр. Өйткені қаланың ішінде жеткізіп беру үшін тағы 10-15 мың теңге санап береді екен. Ал сатушылар қымбатшылықты жанар жағармай мен жеткізу қызметінің өсуімен түсіндіреді. МҰРАТХАН ТҰРМҰХАНБЕТОВ, көмір сату орнының менеджері: Шұбаркөлдің бағасы 21 500 теңге. Железный дорога осы алдымызда көтерді. Айдың басында. Алған бағамыз мысалы 18 мыңнан аламыз. 21 500 осындағы транспортный расход. Железнодорожный. Ал жергілікті билік өкілдері баға нарыққа бағынады дейді. Сол себепті кәсіпкерлердің қызметіне араласа алмайды екен. ҚУАНДЫҚ ШАКУБАЕВ, СҚО энергетика және түкш басқармасы басшысының орынбасары: Жалпы көмір дайындау көлемі 620 мың тоннаны құрауы тиіс, оның 409 мың тоннасы халықтың қажеттілігіне арналған. Қазіргі таңда халық 115 мың тонна көмір дайындаған, бұл жоспардың шамамен 28 пайызын құрайды. Әкімдік қызметкерлері көмірдің бағасы қысқа қарай қымбаттамаса арзандамайды дейді. Сондықтан халықтан қазірден бастап жылыту маусымына қамдануды сұрайды. Енді тұрғындардың тұрғылықты жерін тіркеу қызметі тек онлайн режимде жүзеге асырылады --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық