G
enby!

Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту әдісі талқыланды

Қызылордада педагог-писхолог және логопед мамандары тәжірибе алмасты. «Цифрлық оқу платформалары арқылы көру қабілеті бұзылған балалардың білімін дамыту» тақыбырындағы жиын №5-ші Арнайы-мектеп интернатында ұйымдастырылды. Аталған мектеп-интернатта көру қабілеті бұзылған 74 бала білім алады. Мұнда вокал, домбыра, дзюдо, робототехника сынды үйірмелері бар. Семинарда мектеп басшысы оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту бағытында жасалып жатқан жобалар жайлы кеңінен тарқатып айтты. Мұнан соң мектеп-интернаттың педагог-психолог маманы интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушылардың зейінін дамыту, қоршаған ортаны тану қабілетін арттырудың түрлі әдістерін көрсетті. АЛИНА АСАНОВА - №5 АРНАЙЫ-МЕКТЕП ИНТЕРНАТЫНЫҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГЫ Баламен жұмыс жасау үшін ең бірінші сенімділік қажет психолог мамандығында. Осы сенімді орнату барысында арнайы құралдармен, арнайы әдістермен жол табамыз. Ең бірінші бізге жаңадан келген құралдарымыз, «интерактивті Магиум» құралы, еден яғни, балаларға белсенді қозғалыс арқылы танымдық қабілетін дамытуға арналған құрал болып табылады. Бұл жерде арнайы жасақталып келген 54 түрлі ойынымен, жаттығулары бар. Екінші «Алма про» үстелі. Балалардың зейінін тұрақтандыруға, танымдық қабілетін дамытуға арналған жаттығулармен құрастырылған арнайы бағдарламамен жасақталған құрал. ЖАМБЫЛ АХМЕТОВ - №5 АРНАЙЫ-МЕКТЕП ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ Өздеріңіз байқап отсыздар, білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы да жылдан-жылға көркейіп дамып келеді. Биылғы оқу жылында ақылды айна және монтессори құралдары келіп толықтырылып жатыр. Балалардың өнер саласындағы жетістігі бар. Кеше,біздің 24-25 оқу жылдары үш оқушымыз Лондон қаласындағы үлкен байқаудан бірінші кезеңде жеңімпаз атанып, маусым айындағы екінші кезеңге жолдама алды. Бүгінгі басты мақсат осы тәжірибе алмасу арқылы осы саладағы маңызды нәтижелі жұмысты ортақтасу, пікірлесу. Біздегі балалардың көру қабілеті нашарлығына байланысты үлкен қаріптегі кітаппен оқиды, соған байланысты өздерінің әдістемелік нұсқаулығы бар, сонымен де бөлісеміз. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook -   / qyzylordatv   Instagram -   / qyzylordatv   Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv
Tiktok -  / qyzylorda_tv  

Смотрите также