Жасанды интеллект сабақта қолдану | қазақстан тарихы үздік сабақ | ЖИ
Функционалдық тапсырмаларды сабақта қолдану әдістері Жасанды интеллектіні сабақ процесіне енгізу Тарих пәндері бойынша білім алушыларды сабақтарда тарихи деректерді тал- дау және цифрлық құралдарды пайдалана отырып өз зерттеулерін жүргізуге ын- таландыру маңызды болып табылады. Осы мақсатта сабақтарда бейне презентациялар немесе жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін пайдалану сияқты мультимедиялық жобаларды қолдану ұсынылады. Бұл сыни ойлауды дамыту, ақпаратты талдай білу, коммуникативті дағдылар мен шығармашылық сияқты заманауи талаптарға сай келеді. Тарих сабақтарында білім алушыларға тарихи оқиғалар, тұлғалар және дәуірлер туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік беретін чат боттарды немесе виртуал- ды көмекшілерді пайдалану ұсынылады.