"Біз өмірдің гүліміз" - Гаухарбек Даниял & Едіге Айсана. Әні: Қанат Едресов, сөзі: Гүлайым Жотаева
Әннің минусы 1000 теңге! Тапсырыс беру: WhatsApp 8 (701) 612-77-96 " Біз өмірдің гүліміз " Әні: Қанат Едресов Сөзі: Гүлайым Жотаева 1. Ағатайым – ай , Дара таңым – ай, Қорғаным болған әрқашан. Қарындасым – ай, Қарлығашым – ай, Талпынған ұшып ұядан. Қайырмасы: Әке менен Ана гүліміз, Үміт күткен таңдай нұрымыз, Шуақ болып тараған. Шаңыраққа шаттық сыйлаған, Мейірімді бойға жинаған, Біз өмірдің гүліміз. 2. Еркетайым - ай, Көркем, айым - ай, Өсе бер, жайнап, жасқанба. Қамқоршы маған, Тілекшің болам, Пана боп жүрсең қасымда. 3. Ай мен күндейміз, Бірге гүлдейміз, Аялап Отан анамыз. Өнерге құштар, Бойында күш бар, Бақытты біздер баламыз.